Сенбі, 14 желтоқсан, 23:26

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алудың үш тәсілі

24.07.2024

228

0

МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алудың үш тәсілі

«МӘМС туралы» Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай ішінде үздіксіз төлемдер қажет. Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алудың 3 жолы бар. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директорының м.а. Жұпар Алхожаева толығырақ айтып берді.

Біріншісі тәсілі – алдыңғы айларға төлем. Егерсіз бұрын ресми түрде жұмыс істемеген болсаңыз, ондажұмысқа орналасу алдында МӘМС-ке өткен айлар үшін төлем жасаған жөн.

Бір мысал келтірейін. Егер қызметкер жұмысты шілде айында бастаса, онда төлемдер 2023 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың шілдесін қоса алғанда дербес төлеуші ​​ретінде төлеу қажет.

Егерде сізде бірнеше төленбеген ай болса, сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.

2023 жылы МӘМС-ке дербес төлеуші ретінде ай сайынғы жарналар сомасы 3500 теңгені құрады. 2024 жылы – 4250 теңге.

Екіншісі – 12 айға алдын-ала төлеу. Бұл әдісті «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай-ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.

Алдағы 1 жылға төлем жасағыңыз келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, төлемді келесі айдан бастап жасаған жөн. Сонда сіз бір жыл бойы сақтандырылған боласыз.

Жүйе төлемдерді дұрыс есептеу үшін жарналар әр ай үшін бөлек төленеді. Төлем жасау кезінде ЖСН, төлем енгізілетін ай мен жылды дұрыс көрсету маңызды.

Жарналарды 3 жұмыс күні ішінде төлегеннен кейін жүйеге төлемдердің түсуін және мәртебенің берілуін тексеру қажет.

Мәртебені алудың үшінші жолы – азаматтардыңжеңілдетілген санаты арқылы.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді. Егер сіз, мысалы,ресми жұмыссыз, мүгедек, студент болсаңыз немесе басқа жеңілдікті санатқа жатсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылған» болуы керек. Тізіммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz. ресми сайтында танысуға болады.

Егер де сіз азаматтардың жеңілдетілген санаттарының қатарына кірсеңіз, бірақ мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1айға) ала аласыз. Бұл қосымшаны Google Play-ден ұялы телефонға жүктеуге болады.

Қосымша арқылы Қорға растайтын құжаттың фотосуретін жіберіңіз. Сізге бір айға «сақтандырылған» мәртебесі берілгеннен кейін тиісті хабарлама жіберіледі.

Бір ай ішінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетінің қызметтері қолжетімді болады. Сондай-ақ, бұл мерзім пациентке өзінің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру немесе медициналық сақтандыру бойынша қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика