Сейсенбі, 21 шiлде, 09:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада ауқымды профилактикалық шаралар жүргізілуде

20.07.2026

15

0

8c1295f5 9d04 4785 bdfd 0c1ba64fb0d4

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қадағалау аумағында кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Оның негізгі мақсаты – бала тәрбиесіне, оның мінез-құлқы мен қоғамдағы орнына ең алдымен ата-ана жауапты екенін кеңінен түсіндіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақыру болып табылады.

Себебі балалар еліміздің болашағы, ал оның бойындағы адамгершілік, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты.

6208b763 d753 4138 9c54 30db934ea24a

Іс-шарамен адамдар көп шоғырланатын, ойын сауық орындары, кафе және түнгі клубтар қамтылды.

Прокурорлар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін кеңінен түсіндірді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

a9907cab bfff 4a4e b1db 75e452c0f714
3461db5c a204 4719 a793 9c1dc74643c0

Қызылорда облысының прокуратурасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика