Сенбі, 18 шiлде, 01:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жылу беру маусымына дайындық пысықталды

17.07.2026

13

0

749329984 1333007652353809 5077904237009681359 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа жылу-электр орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

240 мегаватт электр, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін орталық құрылысына түркиялық «AksaEnergy» компаниясы 215 млрд теңге инвестиция салды.

Жоба аясында қуатылығы 176 МВт 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт бу турбинасы, қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы мен 150 Гкал/сағ 4 жылу қазандығы орнатылған.

748133933 1333007802353794 21157
748480824 1333007699020471 369082539466561732 n

Бүгінде жылу орталығы толық іске қосылып, 240 мегаватт электр энергиясы өндірілуде және қуаттылығы 150 МВт 4 су жылыту қазандығы қосылды.

Алдағы жылу беру маусымында Қызылорда қаласының тұрғындары жаңа станция арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан кейін облыс әкімі «Қызылордажылу-электр орталығына» барды. Қазіргі мұндағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы, жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді.

748802266 1333007825687125 8375171143502994229 n

Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазандық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.

Облыс әкімі «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне де барды. Мекемеге қарасты 10 608 шақырым электр желісі, 2 058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1 350 мегаватт.

748648329 1333007692353805 2634783451359423698 n
748467092 1333007732353801 1882153473666132931 n

Тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Олар – алдағы жылу беру маусымына дайындықты уақытылы, сапалы жүргізу, тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты жеткізу.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика