Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы медицина саласының ардагері Төлеутаева Роза Сайдуллақызын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, арнайы қабылдады.

Медицина ардагерi еңбек жолын Жаңақорған ауданы, Келiнтөбе ауылдық ауруханасында педиатр дәрігер болып бастаған. Одан соң Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде фтизиопедиатр, облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнде салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысына жауапты дәрігер, диспансердің қайта қалпына келтіру бөлімшесінің меңгерушісі жұмысын абыроймен атқарған.

Роза Сайдуллақызының бастамасымен «24 наурыз — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай жыл сайын «Үздік фтизиатр», «Үздік химизатор», «Үздік санбюллетень» атты мамандардың өзара жарысуы арқылы кәсіптік шеберлігін шыңдау сайыстары ұйымдастырылумен қатар, туберкулезбен ауырып емделушi науқастарға арналған «Пациенттер мектебі» бағдарламасы қарқынды жүргізіліп, бүгінгi күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Сала ардагерiн мерейтойымен құттықтай келе денiне саулық, ұзақ, баянды ғұмыр тiлеймiз!

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы






