Сейсенбі, 21 шiлде, 09:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Парасатты полицей» облыстық байқауы өтті

20.07.2026

19

0

9eab10e7 cc2d 4a50 a23e 7b6ff1d9c747

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Парасатты полицей» облыстық байқауы биыл да өз жалғасын тапты.

Тәртіп сақшылары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдік ортаны қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық рухты нығайту және қоғамдағы полиция қызметінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқау Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өтті.

Байқаудың ашылу салтанатында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «Парасатты полицей» байқауы – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, полиция қызметкерлерінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды жоба. Бұл сайыс тәртіп сақшыларының мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!, – деді Оралбек Тәубақабылұлы.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға биыл Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандық полиция бөлімдерінен құрылған 7 команда қатысты.

d4a01f08 7538 4450 8493 b880d39db002

Конкурс екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде қатысушылар «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында өз командаларын таныстырып, полиция қызметінің қоғамдағы рөлін, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудағы тәртіп сақшыларының маңызын және мемлекеттік тілдің мәртебесін шығармашылық тұрғыда көрсетті. Екінші кезеңде «Елдің тарихы – ұлы тарих» тақырыбында қазақ халқының ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын сахналық қойылым арқылы дәріптеп, өнерлерін ортаға салды. 

Байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында Қызылорда облыстық филармониясының режиссері, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Іздіқұлова Азиза Ғәжденбекқызы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Төлепов Серік Садықұлы, Қызылорда облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың І орын иегері, тіл жанашыры әрі әдіскер Сембиева Гүлбану Ғарифуллақызы және «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, өнертану магистрі Қалдыбайұлы Мейрамбек Нұртаза болды.

0a88e3a9 f99a 4e41 ba43 ce80bf0e084d

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қазалы аудандық полиция бөлімінің «434» командасы иеленді. ІІ орын Шиелі аудандық полиция бөлімінің «Тәртіп Times» командасына бұйырса, ІІІ орынды Жалағаш аудандық полиция бөлімінің «Алмағанбетов арландары» командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ қазылар алқасының шешімімен Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің «Сығанақ» командасы «Көрермен көзайымы», Сырдария аудандық полиция бөлімінің «Сыр сақшылары» командасы «Өнерлі команда», Қармақшы аудандық полиция бөлімінің «Қорқыт қырандары» командасы «Ұйымшыл команда», Жалағаш аудандық полиция бөлімінің «Алмағанбетов арландары» командасы «Үздік сахналық көрініс», ал Арал аудандық полиция бөлімінің «Арал толқындары» командасы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» номинациясының иегері атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қызылорда облысы Полиция департаментінің алғыс хаттары мен кубоктар табысталды.

«Парасатты полицей» облыстық байқауы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, полиция қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін шыңдауға және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында кәсіби бірлік пен рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған игі бастама ретінде өз мәресіне жетті.

0e381fb2 b59d 4105 8b70 dc601e7efa93
8fc6184e f11d 4348 9e88 dde2f34bd611
dc08c653 0efa 4bef 8b19 087cd83eca38
f9360a5b 539f 443e b648 ef44991055e3

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика