«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша 2023 жылғы 6 наурыздағы талдамалық анықтама нәтижелерін жария талқылау жүргізетінін хабарлайды.
Жария талқылау Қызылорда қаласы,Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекенжайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 201 кабинетінде 2023 жылдың 28 наурыз күні сағат 1100-де өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы,Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекенжайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС-на келуге, немесе syr_media@bk.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Серіктестіктің қабылдау бөліміне 40-11-10 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.