Сейсенбі, 02 маусым, 05:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мерекеде балалар ауруханасының емделушілері сыйлық алды

01.06.2026

14

0

710591806 1293821892939052 5163816312558529071 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов облыстық көпбейінді балалар ауруханасына арнайы барды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысына аурухана жұмысы таныстырылып, балалар денсаулығын нығайтуда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.

711466647 1293822029605705 6867800447251797784 n

Медициналық мекемеде 18 жасқа дейінгі жеткіншектерге қызмет көрсетіледі, 420 төсек-орынға есептелген, 13 бөлімше бар. Салаға көрсетілген қолдаудың арқасында өңірдегі сәби өлімі 20,2 пайыз, бала өлімі 16,4 пайыз, ал жалпы аурушандық 9,8 пайыз төмендеген.

710556507 1293822002939041 6696936349499125464 n
711643538 1293821986272376 9171744832651199377 n

Мұрат Нәлқожаұлы салауатты орта қалыптастыру, аурудың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға қатысты жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Әрі қарай емделушілерді бүгінгі мерекемен құттықтап, арнайы әзірленген сый-сияпатты табыстап, ақжарма тілегін арнады.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы аурухананың сәулелі диагностика бөліміндегі МРТ аппаратының жұмысын көрді.

714003649 1293821886272386 5816791504249843556 n
711329419 1293821929605715 8279666777403105129 n

Еске салайық, кейінгі жылдары «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы Жаңақорғанда және дәл осындай орталық Арал ауданында да ашылды. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жанынан «Қамқорлық» ерте араласу оңалту орталығы да пайдалануға берілді.

«Қазақстан халқына» қорымен тұрақты әріптестіктің арқасында 10 млрд. теңгеден астам қаржыға маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асты, оның 5 млрд. теңгесі денсаулық сақтау саласына бағытталды. Бұл қаржыға «Қамқорлық» оңалту орталықтарына медициналық жабдықтар, аса қымбат дәрі-дәрмек алынды.

Бүгінде ана мен бала өмірін сақтау, денсаулығын жақсарту, демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан 200 орындық жаңа перинаталдық орталық салынуда.

Бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көпбейінді аурухана, сол жағалауда және Титов шағын ауданында емханалар бой көтеріп келеді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика