Топ-баннер2

Дүйсенбі, 29 маусым, 13:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарын залалсыздандыру жұмыстары

29.06.2026

7

0

f1470cc8 9465 4f8b a037 7e9e74afcbc8

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына сәйкес («Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы) мал басы, мал қоралары және буферлік (суат-шаңлақ) аймақтарға кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

Соған байланысты, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ облыс аумағындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден «қолайсыз» аймақ болып анықталған елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Осыған орай, 2026 жылға Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден «қолайсыз» аймақ болып анықталған 74 елді мекенде (Жаңақорған ауданы бойынша — 17, Шиелі ауданы бойынша — 15, Қызылорда қаласы бойынша — 4, Сырдария ауданы бойынша — 5, Жалағаш ауданы бойынша — 3, Қармақшы ауданы бойынша — 3, Қазалы ауданы бойынша — 7, Арал ауданы бойынша — 20) мемлекеттік сатып алу конкурсын «ашық» конкурс тәсілімен көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 257 017,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Анықталған 74 елді мекендегі облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, нақтыланған 431 035 мал басына (МІҚ-147 466, түйе-25 165, уақ мал-258 404) және көлемі 1 438 900 шаршы метрді құрайтын 21 222 қора мен аумағы 411 551 шаршы метрді құрайтын 705 суат пен шаңлақтарға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге Ципертрин ерітіндісі қолданылды. Көктемгі залалсыздандыру жұмыстарына облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен жүргізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып танылған  «Ala comfort» ЖШС-гі мердігер мекемесімен 72 769,1 мың теңгеге келісім шарт жасалынды.

Бүгінгі таңда, күзгі залалсыздандыру жұмыстарына 106 921,7 мың теңге қаралып отыр. Көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының орташа тиімділік көрсеткіштері 97,8 пайызды құрады.

24d3521b e4ff 4bbc a503 446693520cea
a8d192be c8ff 470b a5d2 5efd7fb20586
95ba22fa 86ef 4a96 b223 001efa2faf05

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика