Сейсенбі, 21 шiлде, 21:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиеліде жол сапасы жақсарып, көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда

21.07.2026

10

0

751798812 1025813940057131 3787471818296799768 n
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде Шиелі аумағындағы аудандық маңыздағы жолдардың 138,1 шақырымы немесе 94,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, республикалық және облыстық жолдар толықтай асфальтталған. Жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар бюджет қаражатымен қатар демеушілердің қолдауымен де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков баяндады.

Есепті кезеңде «Шиелі-Тайқоңыр» бағытындағы автомобиль жолы толықтай күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар «Самара-Шымкент- Еңбекші» және аудандық маңыздағы жолдарды қайта жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр. Алғабас ауылындағы көшелерді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Шиелі кентінде де жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. Алдағы жылдары ондаған көшені және көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын жөндеу жоспарланған. Биыл оның алғашқы кезеңі басталып, бірқатар көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа бағдаршамдар орнатылып, бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде. Қазіргі таңда Шиелі кентінде 72 бейнебақылау камерасы, 8 жылдамдық өлшегіш камера және 18 бағдаршам жұмыс істейді. Жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін күтіп ұстау жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Сонымен бірге аудан тұрғындарына қоғамдық көлік қатынасы үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Шиелі кентіндегі жол-көлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын 21 көшені және көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. 2026-2028 жылдары жүзеге асатын жобаның алғашқы кезеңінде 11 көшеде жөндеу жұмыстары басталды», – деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.

751622855 1409956487638672 5036701192653843639 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика