Бейсенбі, 09 шiлде, 14:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026

20

0

df4589b0 3362 4077 8f83 f0e4e48256a7

1992 жылғы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның әскери медицина жүйесінің қалыптасуы мен дамуының бастауына айналды.

Бүгінде әскери-медициналық қызмет мамандары әскерлердің жауынгерлік даярлығын, оқу-жаттығуларды, жұмылдыру жиындарын және Қарулы Күштердің басқа да іс-шараларын медициналық қамтамасыз етеді, сондай-ақ елімізден тыс жерлерде де өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Қазақстандық бітімгерлік контингент құрамында Голан жоталарында әскери дәрігерлер әскери қызметшілерге, қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындарға да медициналық көмек көрсетіп келеді.

7cc67ab2 adfd 4737 b8c0 3860acd16812

Бүгінде әскери медицина жыл санап дамып келеді. Оның құрамына сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет, Орталық әскери-дәрігерлік комиссия, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімшелер және медициналық білім беру ұйымдары кіреді.

Әскери медицина инфрақұрылымын жандандыруға да бүгінгі күні баса мән берілген. 2024 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі базасында ауыр сырқаттар мен жарақаттардан кейін әскери қызметшілерді оңалтуға арналған бөлімше ашылды. Астана мен Алматы қалаларындағы әскери госпитальдарды реконструкциялау және техникалық жаңғырту жұмыстары жалғасуда, Семей қаласындағы әскери госпитальға күрделі жөндеу жүргізу аяқталуға жақын. Сонымен қатар Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь ашу және Алматы қаласында Әскери медицина академиясын құру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

0cb4ce23 079b 484f a92d 29bbd0cd3757

Әскери-медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары олар заманауи диагностикалық және хирургиялық жабдықтармен, оның ішінде компьютерлік томографтармен, цифрлық рентгенологиялық кешендермен, ультрадыбыстық диагностика аппараттарымен және эндоскопиялық жүйелермен жабдықталуда.

Білікті кадрлар даярлау басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әскери дәрігерлер еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарымен бірлесіп даярланады. Қазіргі уақытта әскери-медициналық мамандықтар бойынша 130-дан астам курсант пен әскери интерн білім алуда. Болашақ әскери дәрігерлер шетелдік оқу орындарында да білім алады. Жыл сайын шамамен 1300 маман біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, тактикалық медицина бағдарламалары бойынша оқытылады.

6673a8de b560 4aa1 a3c0 81db7a80d3ed

Жыл сайын әскери-медициналық мекемелерде мыңдаған әскери қызметші стационарлық ем алады. Тәжірибелі әскери дәрігерлер жоғары білікті медициналық көмек көрсетіп, күрделі хирургиялық операциялар да жасайды.

Әскери дәрігердің еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермейді. Дегенмен әскери қызметшілердің денсаулығы, адам өмірін сақтау және Қарулы Күштердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету олардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және кез келген сәтте көмек көрсетуге дайындығына тікелей байланысты.

fc6ce86f 9c79 4645 8ee0 ffdd5d723dea
6cac6a21 83e0 423b 9a47 8654bc8af438

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика