Жексенбі, 21 сәуiр, 06:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда құны 4,3 млрд теңге болатын 2 жоба іске қосылды

16.11.2023

153

0

projects

Биыл өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулына 1,1 трлн теңгені құрайтын 45 жоба енгізілген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қаюпов индустриаландыру бойынша атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.

Биыл жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 310 жұмыс орны ашылатын 6 жобаны іске қосу жоспарланса, қазіргі таңда жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын 2 жоба іске қосылды. Бұдан бөлек, 3,5 млрд теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт өнім шығаруды бастады. Зауыттың қуаттылығы күніне 200 текше метр темірбетон бұйымдарын шығарады.

«Былтырғы жылы қосылған шыны зауыты қазіргі таңда тұрақты өнім шығарады. Зауыт іске қосылғаннан бері 167 мың тонна өнім шығарды. Бұдан бөлек, неміс тарапымен бірлескен жоба аясында фиброцемент, газобетон және құрғақ құрылыс материалдарын өндіретін парк құру жоспарлануда. Жоба арқылы өңірге 150 млн АҚШ доллар инвестиция тарту және 500-ге жуық жұмыс орнын құру көзделуде», — Азамат Қаюпов.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: