Сәрсенбі, 22 шiлде, 17:03

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қожабақы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

22.07.2026

8

0

753287972 3644316605719562 32325
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен ел ағалары Қазалы ауданы Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

752106883 1792949228734509 5283851951880343706 n

«Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.

Бүгін Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.

Алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс-тіршілігіне, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған жаңа жобаларымыз жалғаса береді», — деді облыс әкімі.

752489101 1051901870746757 3243492480542066676 n

Шарада еңбек ардагері Тілек Махамаш сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар және спорт кешенін сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

750553755 1653404375726777 1583636867559457247 n
753396705 1722277872154831 7883953206504732222 n

Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі — спорт кешені, бүгінде ел игілігіне айналды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы, «Теннис орталығы» , Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы салынды.

Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің, «Қайсар» футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.

751322535 895794679714889 3585779832666812232 n
750355801 1409873487708438 4415883394525594182 n
750644427 1527722398806259 2021399801630965697 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика