Сенбі, 18 шiлде, 01:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тұрғындар көтерген мәселелер тұрақты бақылауда болады

16.07.2026

12

0

749767255 1332115662443008 7703220567956992922 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке қабылдады. Бүгінгі қабылдауға 13 адам тіркелсе, оның екеуі онлайн қосылды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, коммуналдық инфрақұрылым, жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

Қызылорда қаласының тұрғыны гемодиализ қабылдайтын науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру жайына тоқталды.

Өңірде созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 358 адам амбулаториялық гемодиализ орталықтарында ем қабылдайды. Бүйрек трансплантациясына мұқтаж азаматтардың ұсыныстары назарға алынып, көтерілген бастамаларға қолдау көрсетіледі.

«Саяхат» шағын ауданының тұрғыны үйге жапсарлас орналасқан электр тарату жәшігін басқа орынға ауыстыруды сұрады. Өтініш қолдау тауып, тоқ жәшігі көшірілетін болды.

Маусым айында баспанасы мен ауласындағы құрылыс дүкені өртенген Қызылжарма ауылының тұрғыны да қабылдауға келді. Оған қолданыстағы тәртіпке сәйкес әлеуметтік көмек тағайындалған. Сонымен қатар алдағы уақытта тұрғын үй салуға қолдау көрсетіледі.

Қабылдауда көтерілген әрбір мәселе жан-жақты қаралып, тұрғындардың өтініштері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш қалдыра алады.

747795737 1332115705776337 6006517418888598051 n
749566744 1332115772442997 87391191518163983 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика