Сәрсенбі, 22 шiлде, 17:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

22.07.2026

9

0

752334340 1336926558628585 7801005699617671148 n 1
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін айтып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалар туралы сауалдарын қойды.

749286271 1336926811961893 3479693518051401611 n

Бұдан кейін аймақ басшысы Әйтеке би кентінде бой көтерген жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

«Бүгінде өңірімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Міне, Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Әйтеке би кентіндегі кезекті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне куә болудамыз.

Мұнда қазақ күресі, үстел теннисі, волейбол, футбол, гандбол, баскетбол, дзюдо сынды спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Нысанда бір күнде 150 спортшы жаттыға алады.

Жаңа спорт кешені дені сау ұлтты қалыптастыруға қызмет етіп, осында жаттығушылар арасынан әлемдік ареналарда Тәуелсіз Қазақстанның көк Туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз», — деді аймақ басшысы.

Шарада ҚР спорт шебері, бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Зарина Толыбай, ел ағасы Әлімбай Қасқырбай сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар, спорт кешенін салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

750211076 1336926551961919 5788760668248524026 n
753150514 1336926748628566 3974780822409985988 n

Жыл басында Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын. Жалпы ауданда спортпен шұғылданушылар саны 35 мыңнан асты.

Спортшылар халықаралық турнирлерден 3 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль, Қазақстан чемпионаттарынан 14 алтын, 19 күміс, 27 қола жүлде иеленді.

Бұған дейін Қожабақы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, пайдалануға берілді.

753429113 1336926515295256 7365351682154587467 n
752484559 1336926771961897 4089244321018899283 n
753702239 1336926638628577 7478716877042721257 n
749286255 1336926708628570 1860971970927236036 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика