Сәрсенбі, 22 шiлде, 19:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Заң мен тәртіп» – қоғам тұрақтылығының негізі

22.07.2026

8

0

f8febb73 f769 4583 8043 25d82489185c

Бүгін қала әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті.

Семинарды қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов жүргізіп, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры, құқық қорғау саласының ардагері, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, патриоттық тәрбие беру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жергілікті атқарушы органдармен атқарылатын жұмыстар туралы баяндамалар жасады.

Жиын қорытындысымен қала әкімдігіне қарасты мекемелерде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер тапсырылды.

a0c0ab84 047d 40cc b554 86229ca147c7

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика