Бейсенбі, 28 наурыз, 21:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Индустриялық аймақ: Арал ауданында 4 жобаны іске асыру жоспарланған

23.08.2022

279

0

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінен 6 гектар жер телімібөлінген.

Қазіргі таңда индустриялық аймақта жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 21 азаматты жұмыспен қамтитын, құны 169,8 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылған.

«Жалпы құны – 38,3 млн. теңгені құрайтын «Берекет» ШҚ-ның «Ет өнімдерін өндіру және тұшпара цехын ашу» жобасын жүзеге асыру үшін 1 гектар жер телімі табысталды. Қазіргі таңда кешеннің негізігі бөлігі «Ет және ет өнімдерін өндіру» цехының құрылысы аяқталып, қуаттылығы бойынша жылына 550 тонна ет өнімдерін шығару межеленген. Жоба 2016 жылы шілде айының басында іске қосылған. Бүгінде 9 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, тұшпара цехын ашу бойынша жобалау іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар  «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Қаптама кірпіш өндіру» жобасының құны – 131,5 млн. теңгені құрайды.  Индустриалдық аймақтан 1 гектар жер телімі бөлініп, 2017 жылы тамыз айында іске қосылды. Қуаттылығы бойынша жылына 4,0 млн. тонна кірпіш шығару көзделген. 12 адам жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік қолдау шарасы арқылы Арал ауданының индустриялық аймағынан 1 гектар жер телімі және жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Кәсіпорын маусымдық сипатқа ие», – дейді аудан әкімі Серік Сермағамбетов.

Индустриялық аймаққа кірген тағы бір жоба «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы. Жалпы құны – 70,0 млн. теңге болатын жобаға 3 гектар жер телімі бөлінген. Іске қосылу кезінде 46 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жоба бастамашысы бүгінде тері үлгілерін Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріне жіберіп, тиісті зерттеу жұмыстарын ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, қосымша техникалық тұз өндіру бағытында жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауытының құрылысы» жобасына индустриалдық аймақтан 1 гектар жер телімі бөлінген. Жалпы құны – 3 млрд. теңге болатын жобаның қуаттылығы – 700 мың тонна сүт ұнтағын өндіру. Бүгінгі таңда сүт жинақтау ғимаратының құрылысы 100 пайыз аяқталған. Тиісті құрылғылар ағымдағы жылдың қыркүйек айында жеткізіледі деп күтілуде. Құрғақ ұнтақтар шығару цехының ғимараты бойынша жоба сметалық құжаттары дайындалуда. Жалпы жобаны іске қосу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына межеленген.

Айта кетейік, аталған жобалардан бөлек, индустриялық аймақтың жер телімін кеңейту есебінен қосымша жалпы құны – 3,3 млрд. теңге болатын
2 жобаны енгізу жоспарлануда.

1. «Аралтұз» АҚ-ның жалпы құны – 3 млрд. теңге болатын «Қап шығару зауытының құрылысы» жобасы аясында 250 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

2. Дара кәсіпкер «Алпысбаев Ықыластың» «Мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехін ашу» жобасы. Жалпы құны – 320 млн. теңгені құрайды. Іске қосылғанда 25 адам жұмыспен қамтылады.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда индустриялық аймақты қосымша
12 гектарға дейін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: