Жұма, 11 қазан, 16:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданында жылына 23 900 тонна балық өңделеді

06.09.2022

368

0

Арал ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. «Еврокод» белгісін «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі алған.

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің айтуынша балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес ауданға қатысты тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін 7 тауарлы көл тізімге енгізілді.

«Тізімде Ақшатау-Сорғақ, Домалақ, Тұщы, Қаракөл, Алаша, Ақбілек және Шөмішкөл көлдері бар. Қазіргі таңда осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде тізімге енгізілген көлдердің каналдарын тазалау, қажетті жерлерге гидротехникалық құрылыстарын салу және электр желілерін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында биылғы жылы 3 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарға енгізілді. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ішкі нарық тұрақты балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі», – деді аудан басшысы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика