Сәрсенбі, 15 шiлде, 15:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

SeoulTech өкілі талапкерлерге білім беру бағдарламалары бойынша кеңес берді

15.07.2026

10

0

55dfcdb4 1432 4eb3 9676 45da3e6437a5
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау науқаны аясында Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті (SeoulTech) информатика және инжиниринг кафедрасының профессоры, Қазақстандағы LUPIC жобалық орталығының директоры, SeoulTech Жаһандық кванттық жасанды интеллект қауіпсіздігі орталығының директоры Ким Джесу Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында профессор университеттің қабылдау комиссиясында болып, талапкерлермен кездесіп, Жасанды интеллект институтында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, халықаралық білім алу мүмкіндіктері және қос диплом бағдарламасының артықшылықтары туралы кеңес берді. Сонымен қатар талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы білім беру бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.

747625592 1000164989506570 3318409323393658665 n

Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен SeoulTech LUPIC бағдарламасы аясында ақпараттық технологиялар саласында бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып келеді. Бағдарлама жасанды интеллект, машиналық оқыту, виртуалды және кеңейтілген шындық (VR/AR) технологияларын дамытуға, сондай-ақ IT саласындағы инновациялық жобалар мен стартаптарды қолдауға бағытталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында ашылған SeoulTech филиалы үшінші жыл қатарынан талапкерлерді қабылдауда. Филиалда жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар бағытындағы халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, студенттерге әлемдік тәжірибеге негізделген білім алып, қос диплом иегері атану мүмкіндігі ұсынылады.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау 13–20 шілде аралығында күн сайын 09:00–18:30 аралығында үзіліссіз жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы университеттің №5 оқу ғимаратында талапкерлерге қызмет көрсетуде.

33fcfa11 6937 4586 914e 1ac091ce8597

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика