Сәрсенбі, 15 шiлде, 14:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында «Қылмыссыз өңір – кемел кешелек кепілі» атты кеңейтілген мәжіліс өтті

14.07.2026

19

0

b44ea9ba 7347 4241 bab6 49848dbb6a4e

Бүгін Руханият орталығында Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Жиында аудан әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігін көздейтін маңызды бастама екенін жеткізді.

Мәжілісте Мемлекет басшысының «Заң бәріне ортақ, тәртіп бәріне міндет» қағидатының мәні, жаңа Конституцияның елдегі заң үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі маңызы ерекше екені айтылып, аудан аумағындағы криминогендік ахуал жан-жақты талқыланды.

Бүгінде аудан көлеміндегі қылмыстылық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға төмендеген. Дегенмен, тіркелген құқық бұзушылықтардың бірқатары алкогольдік ішімдікке байланысты жасалғандықтан, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Осыған байланысты аудан басшысы «Ішімдіксіз ауыл» жобасының жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталып, бүгінде ауданның 42 елді мекенінің ішінде Ү.Түктібаев ауылымен қатар Ажар және Байқожа елді мекендері ғана «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесіне ие екені айтты. Бұл көрсеткішті арттыру бойынша ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімі қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру және «Ішімдіксіз ауыл» жобасын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Кеңейтілген мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру барысында олардың құқықтарын қорғау және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселесі қаралды.

Жиында прокуратура органдары тарапынан инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеудің бірыңғай тәртібі енгізілгені, бұл инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, жобаларды іске асыру барысында кездесетін кедергілерді жедел шешуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Бүгінде Қазалы ауданы бойынша Бірыңғай жалпыұлттық жобалар пулының Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына жалпы құны 8,22 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жоба енгізілген.

Бұл мәселеге қатысты аудан басшысы аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тұрақты түрде сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырып, мемлекеттік қолдау шараларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет екендігін айтты. Осыған сәйкес жауапты сала басшыларына әрбір жобаның іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстап, туындайтын мәселелерді жедел шешу бағытында тиісті мекемелермен үйлесімді жұмыс жүргізуді тапсырды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялық жобаларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды барлық жауапты мекемелер бірлесе атқаруы қажеттігін атап өтті.

Жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына берілген тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, әрбір көрсеткіш бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуді міндеттеді.

300d3553 74be 4e7b a7f1 35a4e5080522
2416efa3 96e7 4c45 99fa f991be4b4967
719bf03b a744 478f 9367 62750248f131
2ddf98b7 86a5 499b b711 1efd1b3155ac
7c8c240e 5a86 4a11 a5e4 4b9cbf1de0d9

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика