Дүйсенбі, 13 шiлде, 02:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

12.07.2026

17

0

744858500 1328458466142061 1470180343311898297 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі..

Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

744858502 1328458412808733 228937898268889691 n

«Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл — еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба.

Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

743081796 1328458599475381 1335793765503241202 n

«Тоғыс — Аралотын» серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд. теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталады.

Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

742416985 1328458556142052 6652174940677518055 n
746394629 1328458532808721 3630897246878351688 n
744074880 1328458502808724 1770540447196246169 n
744184626 1328458512808723 414830846465324629 n
742799186 1328458446142063 4952168396067606833 n
746909357 1328458419475399 1481035202414687765 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика