Жексенбі, 12 шiлде, 00:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр сақшылары демалыс күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды

09.07.2026

17

0

29eb2171 6085 4ce5 b49e f73fcaefbba2

Демалыс күндері Қызылорда облысының полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Осыған байланысты облыс аумағындағы көшелерде, қоғамдық орындарда, кафе мен мейрамхана аумақтарында полицияның кешенді күштері мен патрульдік жасақтарының саны арттырылып, азаматтар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 2-бөлігі және 442-бабы бойынша заң бұзушылықтарға жол берген 107 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 10 ата-анаға (заңды өкілге) қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген рейдтік жұмыстар кезінде бірқатар өрескел құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, мас күйінде көлік құралын басқаруға байланысты – 1, қарсы бағытқа шығу фактісі бойынша – 1, ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша – 17, 612-бабының 3-бөлігі бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауға шақырады.

726b9770 da23 47d2 a21c abdb9c25a468
03c9e289 2657 419c 9245 d5d48fcbaf78

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика