Дүйсенбі, 13 шiлде, 02:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

12.07.2026

16

0

746003093 1389909253019917 6812239626791631198 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі..

Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.

746430287 1436695921615013 1624571400678901591 n

«Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Бұл өңір экономикасының дамуына тың серпін, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек», — деген болатын.

Осы ретте аймағымызда ірі инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі — 3 млрд теңгеге салынған «Қазақ Кэмел» компаниясының түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты.

Жалпы, елімізде түйе сүтін өңдейтін кәсіпорындар бар болғанымен, өнеркәсіптік деңгейде құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттар өте аз. Сондықтан бұл — бірегей әрі маңызды бастама», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдыру үшін күніне 20 мың литр сүт қажет. Бұл жергілікті тұрғындар үшін тиімді болмақ. Түйе сүтін күнделікті өткізіп, тұрақты табыс табады. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру мақсатында келісімшарт жасалып, алдағы 10 жылда Қытай нарығына экспортталады. Мемлекеттік қолдау аясында индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілген. Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Қытайдан қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға 1,8 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Айтбай Көшербай, Әділбек Айымбетов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

743841421 2525592927951261 6216895863271312455 n
743817539 1336542304778198 2673157856961687544 n

Өңірде экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылады деп жоспарланған.

742951667 2468553106986045 8230439265667635014 n
743841542 1014772024687767 5766369964213731424 n
743730645 1332388319022206 2449445266886457710 n
744738608 1656005398826695 4055659553073661306 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика