Дүйсенбі, 13 шiлде, 02:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты

12.07.2026

20

0

744393538 1328437669477474 8694496170001365405 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі..

Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі.

Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақ өсіріліп, Арал теңізі мен Сырдария өзеніне жіберіледі. Бұл өңірдегі су айдындарының балық қорын молайтуға ықпал етеді.

Облыс әкімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Арал ауданы аумағында балық шаруашылығын дамытуға қолайлы Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар. Кіші Аралды балықтың 19 түрі мекендейді. Өндірістік қуаты шамамен 30 мың тонна болатын 10 балық өңдеу зауыты аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуда.

Сапар кезінде аймақ басшысы Аралқұм, Шөміш, Сапақ, Көктем ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

743312181 1328437702810804 1436097598285658955 n
742489719 1328437769477464 1339208367670590923 n
742001733 1328437712810803 8045141160312466722 n
742405968 1328437679477473 1722789488474293805 n
741968646 1328437726144135 3519331911867769435 n
746385217 1328437816144126 1323381489142248941 n
746384486 1328437689477472 1322082295135738420 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика