Дүйсенбі, 13 шiлде, 02:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

12.07.2026

13

0

742405969 1328471892807385 2321890597255648760 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал ауданына жұмыс сапары барысында мотоцикл құрастыру зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі..

«Тоғыс-Аралотын» ЖШС бұл жобаға 1 млрд теңге бағыттаған. Жылына 20 мың компонент шығаруды жоспарлауда. Зауытта өндірілген өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа шығарылады, қалған 50 пайызы шетелге экспортталады.

744213714 1328471916140716 7085305078713414947 n
744074577 1328471929474048 5063486301493445131 n

Өндірістік жобалардың өңір экономикасын әртараптандырудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және экспорттық әлеуетті арттырудағы маңызы зор.

Бұдан кейін облыс әкімі «Бейнеу – Сексеуіл» бағытындағы автомобиль жолының құрылысына қатысты мәселелерді пысықтады.

744316856 1328471956140712 6588358642545117016 n
746430307 1328471992807375 199583492266809848 n

Еске салсақ, Мемлекет басшысы V Ұлттық құрылтай отырысында «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.

Осыған сәйкес қазіргі уақытта салалық министрлік жобаны қаржыландыру көздерін айқындап, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жол құрылысына 780 млрд 285 млн теңге қаржы бөлінеді. Жалпы ұзындығы 559 шақырым, Қызылорда облысына 189 шақырымы тиесілі. Құрылысы толық аяқталғаннан кейін Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық көлік дәлізі бойындағы бағыт шамамен 900 шақырымға, Қытай мен Ақтау арасындағы жүк жеткізу мерзімі екі тәулікке қысқарады.

Бұл жол өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға және теміржол бойындағы елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді.

744782142 1328471989474042 478351764590445708 n

Аудан орталығынан шалғайда жатқан Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман және Беларан елді мекендеріне қатынайтын автомобиль жолының мәселесі түбегейлі шешіледі.

Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне жұмыс сапасы мен мерзіміне қатысты талаптарды басты назарда ұстауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика