Дүйсенбі, 13 шiлде, 20:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

13.07.2026

7

0

743336774 1329620306025877 5102019482120558629 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Форумда жаңа Конституция аясында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы әріптестікті нығайту және қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

744781669 1329620479359193 8447970460956382017 n

«Халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға кеңінен тарту – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын әрі қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын озық тәжірибе.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деп атап өткен болатын.

Өңіріміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысып, халықтың мүддесін қорғауға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты үлес қосып келеді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

744661950 1329620512692523 2577349346799774820 n

Аймақта мыңға жуық қоғамдық ұйым тіркелген, 2023-2026 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 555 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Облыстық, аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілі бар.

Форумда «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнар Тәжиева, «Ел-Арай» қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдәулетов және «Жас толқын» еріктілер жасағының жетекшісі Әнуар Тоқтамысов баяндама жасап, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

745084922 1329620466025861 3512730725599546987 n

Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Конституцияның жаңа редакциядағы арнайы басылымы табысталды. Өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы қаржылай сыйақы сертификатымен марапатталды.

745010800 1329620676025840 5286090611612453974 n
746026711 1329620646025843 9053962318722597743 n
746284228 1329620632692511 547093079735719378 n
744213643 1329620296025878 5209547098407049640 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика