Алматы қаласында “Хабар” агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында есімі елге белгілі спорт журналисі, қазақ журналистикасының жарық жұлдызы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.
БАҚ өкілдері бас қосқан ала доп бәсекесінде еліміздің әр өңірінен келген 14 команда бақ сынап, Сыр өңірінің журналистерінен құралған «Ақмешіт» футбол командасы үздіктер арасында топ жарып, екінші мәрте чемпион атанды.
Еске салсақ, сырбойылық қаламгерлерден құралған “Ақмешіт” командасы 2023 жылы да дәл осы республикалық турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы