Жұма, 24 сәуiр, 14:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Жастар және сайлау» атты республикалық форум өтті

24.04.2026

9

0

679638572 1261333192854589 6819663904321017602 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Құзыреттілік орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен «Жастар және сайлау» атты республикалық форум өтті. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңірдің аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, Жас сайлаушылар клубының белсенді мүшелері келді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы мемлекетіміздің келешек тағдырын айқындаған референдумда сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарғанын ерекше атап өтті.

680457575 1261333282854580 1241871163527187273 n

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі» деген болатын.

Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды.

Біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі ескерілген халықтық Конституция еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Президентіміз Ғылым қызметкерлеріне арналған салтанатты шарада жаңа Конституция күшіне енген соң бір палаталы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтетінін айтты. Бұл сайлауда да Сыр жұртшылығы ауызбірліктің үлгісін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

680668950 1261331989521376 1257957809992382076 n

Өңірде сайлау органдары мен сайлау жүйесіне ерекше мән беріліп келеді. Аймақтар арасында алғашқы болып аумақтық сайлау комиссиясы жаңа үлгіде жабдықталған дербес ғимаратқа көшті. Қызылорда қаласы мен барлық аудандағы сайлау комиссияларына да ғимараттар беріліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Дауыс беру учаскелерінде сайлаушыларға, әсіресе мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.

Президент, Мәжіліс депутаттарының сайлаулары мен жалпыхалықтық референдумдарға қатысу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республикада алдыңғы қатардан көрінді. Жиында Нұрлан Мәжитұлы сөз сөйлеп, республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, Орталық сайлау комиссиясының ведомстволық медалімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

677919411 1261337772854131 1934996094691295871 n
679694592 1261332099521365 8243738769878635927 n
677048261 1261332236188018 2109232945366046424 n
676586471 1261331999521375 6977546538777790313 n
675004215 1261332376188004 2970985042226348827 n
678820613 1261333179521257 6334869793470462229 n
675110254 1261331876188054 8970775663265627736 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика