Сейсенбі, 21 сәуiр, 21:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жаңа драма театрдың құрылысы басталды

21.04.2026

10

0

678334675 1259623663025542 2529512751316366463 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен Президент саябағының аумағында жаңа драма театрдың іргетасы қаланып, капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады.

676617170 1259623769692198 4050988217567287005 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында «Жалпы «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған» деп атап өтіп, Қызылордадағы жаңа драма театр құрылысы биыл басталатынына тоқталған болатын.

Театр ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, руханиятты байытуға зор үлес қосып келеді. Жетпіс жылдан астам тарихы бар, қазақ театр өркениетінің қарашаңырағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры – Сыр өңірінің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі. Бүгінде репертуарында 60-тан астам қойылым бар. Шығармашылық ұжым жыл сайын 70 мыңнан астам көрерменге рухани азық сыйлайды.

Президент саябағы аумағында іргетасы қаланатын жаңа театр – төл өнерімізді түлететін, жас буынның шығармашылық әлеуетін шыңдайтын, ұлттың жаны сөйлейтін киелі мекен болады деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

676394825 1259623646358877 4414822948232813775 n

Қызылорда – қазақ театр өнерінің негізі қаланған жер. Бір ғасыр бұрын жаңадан құрылған ұлттық театрдың алғашқы қойылымы осында сахналанған. Сыр жұртшылығы халқымыздың асыл мұраттарын, құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келген ұлт театрының Қызылордадан бастау алғанын мақтаныш тұтады.

Қазақтың ұлттық кәсіби театрының шымылдығы түрілген Қызылордада бір ғасырдан соң жаңа ғимараттың іргетасы қалануының өзіндік мәні бар.

Рәсімде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір, «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС-нің бас директоры Азамат Өсімбеков сөз сөйледі.

675435493 1259623689692206 4561267457462007769 n
673753813 1259623789692196 63908

Айта кету керек, 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» ашылды. Облыстың бас шаһарында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Оқушылар сарайы» бой көтерді.

Былтыр Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынды. Кейінгі жылдары «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Өнер мектебі» мен «Оқушылар үйі» іске қосылды.

Жақында тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхана құрылысы басталады.

678723245 1259623599692215 8037214980074422750 n
675408194 1259623713025537 1758191544068605847 n
677777965 1259623816358860 9046805013127363748 n
674413906 1259648626356379 2547046516494561836 n
679105983 1259648629689712 9200399822949983154 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика