Сенбі, 25 сәуiр, 14:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту: Полицияға 100 жаңа автокөлік табысталды

24.04.2026

14

0

680133466 1261913956129846 6785133088585554007 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен полиция департаментіне 100 жаңа арнайы автокөлік кілті табысталды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі өңірде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

678759536 1261913822796526 3734335607509224144 n

«Мемлекет басшысы «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.

Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды құрылым. Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда полиция қызметі Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, берекелі бірлігімізді сақтауға үлес қосуда.

Соңғы төрт жылда аймағымыздың полиция органдарының материалдық-техникалық базасын заманға сай жақсартуға облыстық бюджеттен 17 млрд. 805 млн. теңге, оның ішінде арнайы автокөліктермен қамтуға 4 млрд. 282 млн. теңге қаралды. Замануи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік табысталды.

Бүгінгі арнайы автокөліктер де тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметтеріңізді тиімді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

680974083 1261913786129863 9107013497130917660 n

Тәртіп сақшыларына берілген көліктер сенімді байланыс жүйесімен, бейнетіркеу құрылғысымен, навигациялық бағыттау тетігімен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен, жедел қызметті тиімді атқаруға қажетті өзге де техникамен жабдықталған. Бұл тәртіп сақшыларының әрекетін жеделдетіп, қызмет сапасын арттырады.

Кейінгі жылдары төтенше жағдай құрылымдарына 14 өрт сөндіру автокөлігі және 8 арнайы техника сатып алынды.

Биыл қосымша 20 өрт сөндіру автокөлігін алу бастамасын облыстық мәслихат қолдап, бүгінде келісімшарт рәсімделуде.

Жергілікті бюджет есебінен барлық елді мекеннің денсаулық сақтау мекемелеріне 245 санитарлық автокөлік алынып, өңірдің медицина саласының автопаркі 100 пайыз жаңартылды.

679971920 1261913679463207 1386571230590918811 n
676810909 1261913676129874 5778503372023077226 n
681031719 1261913859463189 4347278845552130785 n
678678622 1261914006129841 2155330099979630907 n
679094674 1261913989463176 8286096536040449714 n
679574468 1261913746129867 1095372974229878873 n
679424850 1261913942796514 7437798548242884817 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика