Сенбі, 25 сәуiр, 14:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бірқатар азаматтар марапатталды

24.04.2026

15

0

676616709 1262129836108258 587666540204307898 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен мәжілісте жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өткізуге белсенді атсалысқан азаматтар марапатталды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшымыз «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі»,– деген болатын.

Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтарды орнықтырып, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.

Референдумға Сыр жұртшылығы да белсенді қатысып, берекелі бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетті. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Жерлестеріміздің жоғары жауапкершілігінің арқасында өңірлер арасында көш бастадық. Сырбойылықтар Мемлекет басшымыздың Әділетті, Қуатты әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын әрдайым қолдайтынын тағы бір мәрте айқын дәлелдеді», – Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, «Барыс» төсбелгісімен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов марапатталды. Бірқатар азаматтарға Президенттің Алғыс хаты табысталды.

676594102 1262130036108238 8130794139054111128 n
678207190 1262129949441580 6413287333877365014 n
680203940 1262130139441561 921379987240895264 n
679352071 1262130066108235 7799719502500263387 n
679726207 1262129919441583 2573501905849051460 n
678706549 1262129886108253 7472489051810584218 n

Айта кетейік, 15 наурызда халқымыз жаңа Конституцияға арналған референдумға белсенді қатысып, мемлекеттің келешек тағдырын айқындады. Президент бүкіл халық атынан жаңа Ата заңға және «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика