Жұма, 24 сәуiр, 05:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері бас қосты

23.04.2026

13

0

c4f2f344 5acd 4027 9aa4 d3ef319c86b9

2026 жылғы 23 сәуірде «Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында ашық пікір алмасу форматында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері сайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шараға 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Қызылорда облысының сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Нұрлан Әбдіров өз сөзінде сайлау үдерісін ұйымдастырудың негізгі элементтерін атап өтіп, еліміздің сайлау органдарының қызметі, ОСК жанындағы диалог алаңдары және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру сұрақтарына ерекше назар аударылды.

Республикалық референдумның қорытындылары мен жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне айрықша мән берілді. Кездесу барысында Жас сайлаушылар клубтары мен аумақтық сайлау комиссияларының жас сайлаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысындағы рөліне де ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Қатысушылар сайлауды ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибе, сайлау үдерісін цифрландыру, сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау мәселелерін көтерді.

c5a2895e ce5e 442f a093 acb2872786e1

Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жұбаныш Нұртілеу сайлауды ұйымдастыру бойынша АҚШ пен Корея тәжірибесіне қызығушылық танытты. Осы оқу орнының студенттері Айғаным Қалиева — дауыс беру мәселелері туралы, Маханбет Пірмағанбетов — жас сайлаушылармен өзара іс-қимыл жөнінде, Рамазан Құдайбергенов — электоралдық дауларды шешудегі сайлау бойынша соттардың шетелдік тәжірибесі туралы сұрақтар қойды.

Өз кезегінде Қарағанды облысынан Жас сайлаушылар клубының мүшесі Асылай Қонысова сайлау үдерісін цифрландыру мәселесін көтерді. Ал Батыс Қазақстан облысынан Эльмира Тұрғалиева барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары құрамына жастардың қатысуын кеңейтуді ұсынса, осы өңірден Лиас Мейірхан — сайлау үдерісінде волонтерлік қызметті пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар электоралдық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын қамтитын онлайн-сауалнамаға белсенді қатысты.

Сауалнама нәтижелері:

• 83,7% респондент Президенттікке кандидаттар үшін мемлекеттік қызмет тәжірибесінің болуын қолдайды;

• 47,2% дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы дауыс беруді жөн көреді;

• 28,6% сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар дауыс беруге қатыспауы тиіс деп санайды;

• 29,8% сотталғандардың сайлау құқықтарын шектеуді қолдайды;

• 72,4% сайлау туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы алады.

Іс-шара аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов пен Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

99e0e3c7 27e1 46b2 8705 92c108a7c108

Сонымен қатар Ортсайлауком Төрағасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Жас сайлаушылар клубының кабинетінде болды. Университет өкілдерінің мәліметінше, арнайы жабдықталған аудиторияда студенттер «Сайлау құқығы» пәнін меңгеріп, сайлау комиссияларының өкілдерімен қонақ дәрістері мен практикалық кездесулерге қатысады.

Кездесудің белсенді қатысушыларына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен әзірленген электоралдық тақырыптағы басылымдардың даналары табысталды. Аталған басылымдардың даналары университеттің кітапхана қорына да берілді.

Осы күні форум қатысушылары Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссияларының толыққанды қызметін қамтамасыз етуге арналған жаңартылған ғимаратпен танысты.

Мұнда болашақ сайлаушылардың жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, онда мектеп президентін сайлау үлгілері, сондай-ақ электоралдық тақырыптағы 3D-графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.

5a6a45fe 40aa 45dd 9f31 842a9e3f03df
10ff3973 dc25 4341 a2d2 f4818a5d98d9

Сонымен қатар «Daryn AI» онлайн-ассистенті таныстырылды — бұл сайлау учаскесін іздеуге арналған қосымшаға біріктірілген сервис. Ол сайлаушылардың негізгі сұрақтарына мәтіндік және аудио форматта жауап береді. Сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде пайдаланылған онлайн-сервистер көрсетілді.

Бұдан бөлек, «Электоралдық науқандардың өзекті мәселелері: тәжірибеге талдау және бағдарламалық міндеттер» тақырыбында республикалық көшпелі семинар өтті. Семинар барысында электоралдық науқандардың негізгі аспектілері талқыланып, практикалық талдаулар жүргізілді және республикалық референдумды өткізуге қатысқан қатысушылар марапатталлды.

9883047e 94f2 4175 8380 cb2b729578ca
35866847 d8c1 4028 abf7 cbb9f36a46a5
d059ee86 54d9 43e1 84f4 25adf7f89905
5a91bf40 33b4 4dfa b8a6 0e4a48173a6f

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика