Жұма, 24 сәуiр, 05:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Форумға қатысушылар облыстық сайлау комиссиясының жұмысымен танысты

23.04.2026

14

0

680460057 1261216512866257 6998508457393856032 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, «Жастар және сайлау» республикалық форумына қатысушылар облыстық сайлау комиссиясы орналасқан «Сайлау үйінің» жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

676594109 1261216552866253 4792417337050679506 n

Сол жағалаудағы жаңа ғимарат аймақ басшысының тапсырмасымен заманауи талаптарға сай жабдықталды. Әр өңірден келген делегация мүшелерінің айтуынша, осындай «Сайлау үйі» тек Қызылордада ашылған.

678314066 1261216472866261 5638873837067677081 n

Мұнда Daryn AI атты онлайн робот-көмекші іске қосылған. Ол сайлаушыларға өз учаскесін табуына көмектесетін арнайы қосымша арқылы қолжетімді. Негізгі сұрақтарға жазбаша және аудио форматта жауап береді.

677727896 1261216686199573 456042515214602798 n

Делегация мүшелеріне сайлаушылар көрмесі таныстырылды. Онда мектеп президентін сайлау кезіндегі онлайн дауыс беру, цифрлық технологиялар мен датчиктер көмегімен әзірленген «ақылды бюллетень» жобасы ұсынылды. Сонымен қатар, 3D графикамен жасалған жұмыстар, сайлау тақырыбына арналған қолөнер бұйымдары қойылған.

675226721 1261216572866251 3385851209881523012 n

Жас сайлаушылар клубының белсенділері сайлау процесін қарапайым әрі қызықты етіп түсіндіретін комикстер шығарған. Жасанды интеллект көмегімен жасалған дауыс берудің маңыздылығы туралы мультфильмдер топтамасын ұсынды.

Айта кету керек, өңірде 9 аумақтық, 134 округтік және 378 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді, олардың құрамында 2642 мүше бар.

675891885 1261216632866245 8837351722858911662 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика