Жұма, 11 қазан, 16:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы даму қорытындысы бойынша үздік үштікте

12.12.2023

334

0

qyzylorda_uzdik_ushtikte

Биылғы 11 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында үздік үштікке енді. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша аймақ республикада бірінші орында, ал ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі бойынша екінші орында. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталуда, өндіріс көлемі 3,4 пайыз өсті. Көрсеткіштің өсімі 13 өңірде тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш байқалды», – деді министр.

Үкімет жиынынан кейін өткен арнайы мәжілісте облыс әкімі талқыланған мәселелерге кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларды орындаудағы басты бағытты айқындады.

Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдеріне, облыстық бағдарлама әкімшілеріне жоспарланған қаражатты 100% толығымен игеру тапсырылды. Жыл аяқталуға жақын, сондықтан қаржы игеруге, жұмыс сапасына қатысты мәселелерде бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң ескертті.

410330659_657070096614238_5280387049750457927_n.jpg
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
410326991_657070236614224_6554090576304634055_n.jpg
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
410498897_657070363280878_1555749620518047320_n.jpg
409661077_657070113280903_9131232920230397055_n.jpg
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
409651898_657070383280876_8990621057372844310_n.jpg
409670129_657070386614209_8856933155463081003_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика