Жексенбі, 08 қыркүйек, 04:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласында газ беру уақытша тоқтатылады

16.07.2024

92

0

Қызылорда қаласында газ беру уақытша тоқтатылады

Қазіргі таңда Қ.Яссауи көшесін қайта жаңғырту жобасы жүргізілуде. Аталған жобада жоғарғы қысымды (0,6 МПа) диаметрі 315 мм, жер асты полиэтиленді газ құбырын көшіру жұмыстарын жүргізу қаралған.

 Осыған орай, газ құбырын көшіру үшін 2024 жылы 17 шілдеде сағ. 07:00-ден бастап Қызылорда қаласының Жаңа базар, Агропром, ХҚКО аймағы, Шұғыла, ДЭУ, Диагностика, Автобекет ықшам аудандары (схемаға сәйкес) уақытша газдан ажыратылады.

Газдың иісі сезілген жағдайда барлық газ шүмектерін жабыңыз, бөлмелерді желдетіңіз, от жақпаңыз, электр құрылғыларын қоспаңыз, 104 апаттық қызметіне немесе 109 телефон нөмерлеріне хабарласыңыз. Келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика