Сәрсенбі, 17 маусым, 14:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы

10.06.2026

51

0

720624373 4310588982527909 553200948229521064 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

720860596 4310589069194567 6607362856024773473 n

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.

Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.

Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

720236944 4310589145861226 5811872153408104448 n

Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.

Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.

720342095 4310589249194549 2671741000028725618 n
720236944 4310589205861220 5796637959388970256 n
720269570 4310589215861219 1087572098429447936 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика