Жұма, 05 маусым, 04:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

04.06.2026

11

0

716230782 1296485476006027 1509522512324642417 n 1
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы сырбойылықтарды мерекемен құттықтап, елдік рухты асқақтатқан Мемлекеттік рәміздердің айрықша маңызына тоқталды.

713784152 1296485386006036 2904251032584717734 n

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады», – деген болатын.

Бүгінгі айтулы мерекеге орай облыс көлемінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, түрлі форматтағы іс-шаралар өтуде.

Осы ретте, еліміздің жарқын болашағына аянбай еңбек етіп, отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жерлестерімізді марапаттау рәсімінде бас қостық.

Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңсесін көтеруде әрбір азаматтың адал еңбегі мен берік ұстанымы маңызды.

Сіздер Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құруға, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да қасиетті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін!» – деді облыс әкімі.

Мерекелік шарада Мәдениет қайраткері Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі.

Президент Жарлығына сәйкес жерлестеріміз «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаты табысталды, бірқатар азамат облыстың Құрмет грамотасын, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және облыс әкімінің Алғыс хатын алды.

715360522 1296485422672699 8383714699865752209 n
717140558 1296485526006022 720978094914444384 n
715324200 1296485489339359 2022818370644041385 n
715811823 1296485562672685 4251658633142512612 n
716352577 1296485576006017 1051783194430523041 n
715830442 1296485416006033 377354489035418276 n
717357794 1296485379339370 3358041566204720631 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика