Сейсенбі, 16 маусым, 22:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданында жаңа өндіріс орны пайдалануға берілмек

15.06.2026

20

0

18e09f45 95a0 4a95 9cda 044938e9ca18

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін жаңа зауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын жылына 392 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт құрылысына жалпы көлемі 3 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 1,8 млрд теңгесі мемлекеттік қолдау аясындағы жеңілдетілген несие болса, 1,2 млрд теңгесі жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған. Жоба бастамашысы – «Qazaq Camel» ЖШС.

62b6e87d c431 41a5 9ada 6c153b51b42c

Қазіргі таңда негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен технологиялық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары толық аяқталған. Жекелеген құрылғыларды соңғы рет монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын алғашқы сынамалық өнімдерін шығара бастады.

Зауыт қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Атап айтқанда, сүт қабылдауға арналған 10 арнайы резервуар мен бірнеше сүт тасымалдайтын автокөлік сатып алынған. Өндіріс орны тәулігіне 20 мың литрге дейін түйе сүтін өңдеуге қауқарлы. Алдағы уақытта нарықтағы сұраныс көлеміне қарай өндірістік қуатты кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

Жобаның іске асуы өңірдегі түйе шаруашылығын дамытуға тың серпін беріп, жергілікті өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жаңа өндіріс орны аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика