Сейсенбі, 16 маусым, 05:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

13.06.2026

13

0

722909463 1304588871862354 4921611334341213643 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап, алдымен Тасбөгеттегі бас су жинау қоймасына барды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нысанның тәуліктік қуаты 56 500 текше метр, «Степь», «Арай» және «Бас тоғаннан» алынған таза су арнайы су сақтау қоймаларына жиналады. Кейін насос станциясы арқылы төрт су құбыры желісімен қала тұрғындарына жеткізіледі. Сырдария өзенінен алынатын су механикалық тазартудың бес кезеңінен өткізіледі. Зертхана мамандары ауызсудың сапалық құрамын тәулік бойы тұрақты бақылауда ұстап, тиісті сараптамалар жүргізеді.

722911143 1304589011862340 4589946456318017902 n
722957138 1304588865195688 6771346469813083279 n

Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмысты жүйелі үйлестіріп, тұрақты бақылауды тапсырды.

Бүгінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 300 қоғамдық көлігі қала аумағына 32 бағыт бойынша қатынайды. Серіктестікте 700-ге жуық адам еңбек етеді.

Мұрат Нәлқожаұлы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды тапсырды.

720509454 1304588981862343 4195778783642576466 n

Келесі нысан — Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер аулаларына салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы. 1,9 млрд теңгенің жобасы аясында 29 тұрғын үйдің ауласына ойын, шағын футбол және воркаут алаңдары салынады. Бас мердігер – «Еңбек» РМК.

722964465 1304588928529015 3492499215418092483 n
724419928 1304589038529004 848113734152449814 n

Өңір басшысы балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстап, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан бой көтеріп жатқан Инжинирингтік парктің құрылыс алаңына барды. Парк құрамында археология және физика-химиялық талдау әдістері зертханалары, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, робототехника, жерді қашықтан зондтау және ІТ зертханалары жұмыс істейді.

Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-зал және заманауи компьютерлік аудиториялар қарастырылған. Нысанды осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

723216392 1304588891862352 7978439963895822174 n
default

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика