Жұма, 29 наурыз, 18:08

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңақорғанда заманауи үлгідегі саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр

05.08.2022

399

0

Жаңақорған ауданында заманауи үлгідегі саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

Мемлекет басшысы 2022 жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық, бұл – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деді Президент.

Осыған орай, аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтің бастамасымен, жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен Жаңақорған кенті, Қорасан Ата көшесінің бойында (жер көлемі 2 гектар) үлкен заманауи үлгідегі саябақтың құрылысы жүргізілуде. Саябақтың ашылуы осы жылдың қазан айына жоспарлануда.

Саябақта субұрқақ, түрлі аттракциондар, мәдени шаралар үшін ашық сахна, спорттық алаң, жүгіру және вело алаңы, неке қию орны болады. Сондай ақ, саябақ ішіне көгал және саялы, сәнді ағаштар егіледі.

Тағы да оқыңыз: