Жұма, 11 қазан, 15:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңіріне 472 млрд теңге инвестиция тартылды

07.12.2023

265

0

investment_qyzylorda

Облыста негізгі капиталға салынған инвестиция 2021 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп, 472 млрд теңгені құрады. Оның 74 пайызы – жеке инвестициялар. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсету бастамасын, «Туған жерді бірге түлетейік» үндеуін кәсіпкерлер қолдады. Демеушілер есебінен 37,5 млрд теңге қаржы тартылды. 3,3 млрд теңгеге 630 жобаға жоба-сметалық құжаттама әзірленді», – деді аймақ басшысы.

Атап айтқанда, облыс орталығында Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге, оның

15,7 млрд теңгесі Болат Өтемұратов қорынан. Жергілікті бюджеттен

4,3 млрд теңге инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға қарастырылған. Нысан 2024 жылдың мамыр айына іске қосылады.

Мұнан бөлек, «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Жоба құны – 577 млн теңге. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында құрылысы басталған заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы келесі жылы пайдалануға берілмек. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледж ғимаратын салады. Жобаға 4,8 млрд теңге жұмсалады.

Биыл Қызылорда қаласындағы 1,7 млрд теңгеге салынған «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен қаланың орталық алаңын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, оған 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Одан бөлек, облыс орталығындағы 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталып, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды.

Аудандарда да көптеген игі істер қолға алынып, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Мысалы, Жаңақорған ауданында 790 млн теңгенің заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында

450 млн теңгенің «Еңбекшілер паркі» бой көтерді. Арал ауданының Тоқабай ауылында апаттық жағдайдағы мектептің орнына 500 млн теңгеге жаңа мектеп салынуда. Нысан 2023-2024 оқу жылының соңына дейін пайдалануға беріледі. Қармақшы ауданының Жаңажол ауылындағы Орталық алаң «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен абаттандырылып, халық игілігіне табысталды. Ал, Жалағаш ауданының Таң ауылында спорт кешені, «Тағзым алаңы» құрылыстарымен қатар, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының Түркістан облысымен шекарасында құны 230 млн теңге болатын облыстың кіреберіс қақпасы ашылды.

Айта кетейік, Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша үздік өңірлер қатарында.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика