Сәрсенбі, 30 қараша, 12:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Шыны зауытындағы балқыту пеші 1450 градус температураға жетті

07.10.2022

42

0

Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылысы басталған шыны зауыты қазан айының ішінде алғашқы өнімін шығарады деп жоспарлануда. Бұл ретте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде осыған дейін арнайы штаб құрылды. 

Туындаған мәселелер шұғыл шешіліп, инвесторларға көмек көрсетілді. Нәтижесінде өндіріске қажетті газ, су, электр желілері тартылды. Балқыту пеші қосылып, қазірдің өзінде 1450 градус температураға жетті.

Алдағы уақытта шыны зауытының айналасында жаңа өнім түрлерін шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын ашу көзделді. Мұнда шыны-талшықты, композиттік материалдар, айна, смартфондармен планшеттерге арналған ультражұқа шыны жобалары да шығарыла бастайды. Өндірісте жергілікті шикізат Аралдың кварц құмы қолданылады.

Облыс әкімі жұмыс процесін бақылап, бірінші орынбасары Серік Қожаниязовқа және шетелдік компания өкілдеріне өндіріс орнының алғашқы өнімін шығару жұмыстары іркіліссіз және уақытылы басталуы қажет екенін тапсырды. 

Айта кетейік, тамыз айында өткен селекторлық жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев шыны зауытында өнім шығаруды жеделдету және жаңа өндіріс көздерін ашу бағытында өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: