Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды

09.03.2023

177

0

Биыл Қызылорда қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 231 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Осы мақсатта бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы соммасы 10 млрд. 246 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жол жөндеу жұмыстары «Саяхат», «Бәйтерек» тұрғын аудандарында басталды. 

Айта кету керек, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында  Қызылжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінен барлығы 46 көшеге, Ұлттық қордан бөлінген қаржыға Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағына, Қызылорда қаласы — Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге, Қызылорда қаласының Сарысу көшесі бойындағы Шорғазы тұйығына және кенттер мен ауылдық округтердің 26 көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 106 көшеге облыстық бюджеттен орташа жол жөндеуге 1 752,6 млн.теңге қаралып, Қызылорда қаласы бойынша 76 көшеге, Бөлкөл кенті бойынша 6 көшеге, Тасбөгет кенті бойынша 14 көшеге және Сабалақ саяжайына 10 көшеге асфальт төселінбек.

Тағы да оқыңыз: