Сейсенбі, 27 ақпан, 20:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Өңдеуші өнеркәсіптің әлеуеті артып келеді

13.12.2023

93

0

ondeushi_onerkasip

Биыл Сыр өңірі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республикадағы үздіктер қатарында. Мұнай қорының сарқылуына қарамастан, өңірде жаңа индустриялық жобалар қолға алынып, өнеркәсіп өндірісінде өсім тіркелді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат сессиясында айтты.

«Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі биылғы қыркүйек айынан бастап өсті. Өңірлік экономиканың стратегиялық маңызды саласының бірі ретінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытудамыз. 2023-2028 жылдар аралығында облыста жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 65 жоба іске қосылады, 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 14,1 млрд. теңге болатын 15 жоба іске қосылды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

409773863_657594946561753_7554608056046806218_n.jpg

Айта кетейік, облыстағы ірі жобалардың бірі – шыны зауыты жобалық қуаттылығының 88 пайызын игеріп, 173,5 мың тонна өнім шығарды.

409824846_657594876561760_6887123215384375575_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: