Сенбі, 27 сәуiр, 18:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы негізгі даму көрсеткіштері бойынша бірінші орында

12.03.2024

334

0

Қызылорда облысы негізгі даму көрсеткіштері бойынша бірінші орында

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

Вице-премьердің айтуынша, Сыр өңірі негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш басында.

«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста 2,7 есе, білім саласында 56%-ға, көлік және қоймалауда 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды», – деді Н.Байбазаров.

Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз етуде баса назар аударылуы тиіс шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту, жаңасын іске қосу және т.б. бар.

Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында. 

«Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді, оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар», – деді Н.Байбазаров.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екеніне тоқталды.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

431777132_708309674823613_6703021053024888515_n.jpg
431777064_708308578157056_7932495765746825286_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: