Жексенбі, 05 ақпан, 15:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биыл өңірде ұзындығы 368 км құрайтын жол жөнделді

27.12.2022

20

0

 Қызылорда облысының аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420 км құрайды. Осыған сәйкес, биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткіші 82 пайызға өсті. Сондай-ақ, осы жылы жалпы ұзындығы 368 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері толық жөндеуден өткізілді. 

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов хабарлады.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздегі автомобиль жолдары мәселесіне баса назар аударып, жергілікті жолдардың сапасына мән беру керектігін және 2025 жылға дейін облыстық маңызы бар жолдардың жағдайын 95 пайызға жеткізуді тапсырды. Осы бағытта биыл облыстағы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 17,6 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы бөлінетін қаржыға облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен қала және елді мекендердегі көшелерді жөндеуге бағытталады. Тағы бір өзекті мәселе – «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының қайта жөндеу жұмыстары бүгінде басталды. Құрылыс жұмыстары 3 жыл мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің «Қызылорда — Ақтөбе» бағытын кеңейту және қайта жандандыру мәселесі назардан тыс қалған емес, — деді облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: