Бейсенбі, 18 сәуiр, 18:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық дәрігерлер табанның күрделі патологиясын түзеді

14.10.2022

246

0

Қызылорда облыстық балалар ауруханасының травматологтары табанынан жарақат алған үш жасар пациентке шұғыл ота жасады. 

«Сол күні кішкентай Гүлбағым көрші мотоциклдің жанында ойнап жүрген. Темір тұлпар баланың сол аяғына құлады. Қыз шұғыл түрде аудандық ауруханаға, содан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — дейді анасы Айшолпан Өмірханова.

Компьютерлік томографияда табан асты буынның шығуы және табан пронациясының белгілері бар асық сүйегінің сынуы (ығысуы бар) анықталды. Бұл сирек кездесетін және күрделі патология, деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед Олжас Құрбанбаев. Науқасқа ота сәтті өтті.

«Тәжірибеде мұндай асық сүйегінің (таранная кость) жарақатын бірінші рет кездестіріп тұрмын. Травматологияда асық сүйегінің ығысқан сынығы сирек кездеседі және ауыр жарақаттар тобына жатады. Асық сүйгі арқылы дененің бүкіл салмағының қысымы аяққа беріледі. Бұл аяқтың бұлшық еті қосылмайтын жалғыз сүйек. Асқыну қаупі бар: аваскулярлық некроз, дегенеративті артроз. Мүгедектік деңгейі жоғары. Кішкентай пациенттің жас денсаулығы бұл жарақатты жеңіп, тез сауығып кетеді деп сенеміз», – дейді Олжас Құрбанбаев.

18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін МӘМС үшін аударымдарды мемлекет жасайды. Сондықтан, медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қол жетімді.

Тағы да оқыңыз: