Сенбі, 01 тамыз, 12:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр теміржолшыларына құрмет көрсетілді

31.07.2026

16

0

40be751d cdca 4061 8736 ca30cc934760
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.

1c4b0e3a 037a 47b2 b020 471418477ed0

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жол — тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береміз», — деп саланы өркендетуді стратегиялық басымдық ретінде айқындаған болатын.

Бүгінде елімізде мыңдаған шақырым жаңа теміржол желілері салынып, өткізу мүмкіндігі артуда. Сыр бойындағы болат жолдың тарихы тереңде жатыр.

Бүгінде облыстың теміржол кешені заман талабына сай жаңарып келеді. Станциялар мен жол бойындағы нысандар автоматтандырылып, цифрлық жүйеге көшуде. 2024 жылы 600 млн. теңгеден астам қаржыға Қызылорда  теміржол вокзалы ғимараты күрделі жөнделіп, іргелес аумағы абаттандырылды.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 124 теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтуде.

Соның ішінде 10 жоба біздің облысымызда іске асып жатыр.

Жақында ғана Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл теміржол вокзалдары мен Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы халық игілігіне табысталды.

Арал, Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарындағы, Тереңөзек пен Жалағаш қызмет көрсету пункттеріндегі жұмыс кезең-кезеңімен аяқталып келеді.

Биыл өңірімізде 80 шақырымнан астам теміржолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Теміржол — ең алдымен, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін сала. Жаздың ыстығы мен қыстың аязына қарамастан, болат жолдың бойында үздіксіз қызмет етіп жүрген әрбір қызметкердің еңбегі зор құрметке лайық. Сіздерге  барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты да мәртебелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

6cf23fb5 07f8 4af5 88be 5a39d6ba9efe

Салтанатты шарада теміржол саласының бірқатар қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Көлік министрлігінің «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жас маман», «Үздік жол шебері», «Үздік байланысшы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен және   III дәрежелі «Теміржолшы даңқы» медалімен марапатталды.

1ab46d3a e7ef 4bf7 8c71 04a8ebbc029d
e634f342 e92e 4ff9 8cdf fa58026b8e7c
ef0ea4bc 1297 433f 814c 75cb9367f49a

Жиында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Батырхан Базарбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

b9341f2e b367 4421 bd65 5633ecaf2780

Қазіргі таңда өңірдің теміржол саласында 7 мыңнан астам маман еңбек етеді. Облыс арқылы өтетін жүк пен жолаушылар легі, Сыр өңірінің транзиттік әлеуеті жыл сайын артуда.

Аймақтан  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен қатар, ұзындығы мың шақырымнан асатын магистральдық теміржол желілері өтеді, 15 жолаушылар пойызы қатынайды. Жыл басынан бері 550 мыңнан астам жолаушы тасымалданып, 9 миллион тоннадан астам жүк жеткізілді.

Биыл мамыр айында жылына 600-ден астам вагонға техникалық қызмет көрсететін «Марал Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа кешені пайдалануға беріліп, 100 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар қытайлық «CRRC» компаниясымен бірлесіп, заманауи жолаушылар вагондарын құрастыру жобасын іске асыру пысықталуда.

6ea094cb 5400 4a24 a9c5 32558fe62e2c
e15487be b4d8 47a0 81bd efad0988e942
b8ce8dad bc5e 4d88 888a 38e59c62a3ac
41f75c9d aa88 4997 9be5 8ef2f8fe74e7

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика