Сәрсенбі, 29 шiлде, 16:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

29.07.2026

5

0

759776592 1342540168067224 690679036562863500 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Арал ауданындағы Сексеуіл теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, сала ардагерлері, ел ағалары және кент тұрғындары қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Рәсімде облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту тапсырмасы өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.

760536866 1342540031400571 3225720582526327132 n

— Өткен жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, іргелес аумағы абаттандырылды. Қалған жеті вокзал мен екі қызмет көрсету пунктін күрделі жөндеу және қайта жаңғыртуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жақында ғана Жаңақорған, Шиелі және Қазалы теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды. Бүгін Сексеуіл кентіндегі 1 млрд 360 млн теңгеден астам қаржыға салынған, аумағы 9 129 шаршы метр жаңа теміржол вокзалының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – аймақ үшін маңызы зор жобалардың бірі. Баршаңызды жаңа вокзалдың пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Бахыт Дүйсенұлы.

759622441 1342540144733893 2352231496442858056 n

Шарада Батырхан Базарбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагері Орынбай Оразаев ақ батасын берді. Теміржол саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен вокзал құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

759796498 1342540061400568 2363564300995828177 n
760034166 1342540104733897 6299828747158647568 n

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен 2025 жылы құрылысы басталған Сексеуіл теміржол вокзалы бүгінде толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.

Жаңа вокзал тәулігіне 281 жолаушыға қызмет көрсетеді. Барлық заманауи талаптарға сай жоғары сапалы жабдықтармен қамтылған. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және санитарлық-тұрмыстық орындар қарастырылған.

Бүгінде облыс арқылы халықаралық және өңіраралық бағыттарда 15 жолаушылар пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді.

759796493 1342540028067238 7242020175874341054 n
758075148 1342540114733896 4538553127564699776 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика