Жұма, 31 шiлде, 01:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан кубогының жартылай финалында адам саудасының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

30.07.2026

12

0

28ea39a2 227b 4ef0 acfd a658c9df77c4

24–30 шілде аралығында елімізде «Адам саудасы – ауыр қылмыс» республикалық ақпараттық науқаны өткізілуде. Ақпараттық науқан Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде аталып өтетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.

Осыған орай Қызылорда қаласындағы «Қайсар» – «Жеңіс» командалары арасындағы Қазақстан кубогының жартылай финалдық кездесуі барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамының және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізді.

Матчқа жиналған жанкүйерлерге адам саудасының алдын алу, оның белгілері мен қауіп-қатері туралы ақпарат беріліп, арнайы дайындалған бейнеролик стадионның LED-экранында көрсетілді. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылып, адам саудасының құрбанына айналмаудың жолдары, күмәнді жағдайларда қайда және кімге жүгіну қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам саудасының алдын алу және қоғамның осы қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

3ed6eb4b 62b4 413e 9487 716e0f2fd4af
b4f77aa7 9f0f 4137 8b85 8d08dda88b51

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика