Сейсенбі, 16 сәуiр, 19:26

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Syr Jastary» жүгіру марафоны өтті

10.10.2022

260

0

Қызылорда облысы орталығында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Syr Jastary» жүгіру марафоны өткізілді. Жүгіру «Эдельвейс» саяжайынан басталып «Болашақ» университетінен аяқталды.

Марафонға 200-ден аса жас қатысып өз бақтарын сынады. Жүгіру ерлер және әйелдер арасында өткізілді. 
Ерлер арасында Нұрбол Құрманайұлы ІІІ орын, Күмісбек Қонақбаев  ІІ орын иеленді. Оқ бойы оза шауып үздік шыққан жас Тұрсын Керімбердиев Тұрсын І орынды иеленді.

Қыздар арасында өткен жарыста ІІІ орынды Шамшырақ Сержанова қанжығасына байлады. Айнұр Асылбекқызы ІІ орынды иеленсе, І орын мінберінен Эльмира Райымқұлов көрінді. 

Сондай-ақ, Сырымбет Қашақбай «Ерлер арасындағы ең жас қатысушы», Нина Тен «Әйелдер арасындағы ең жас қатысушы», Уалишер Бәкір «Ерлер арасындағы ең үлкен қатысушы» және Ирина Юнгкинд «Әйелдер арасындағы ең үлкен қатысушы» номинацияларына ие болды.

Марафон жеңімпаздары мен номинация иегерлеріне қаржылай сыйақылар мен марапаттар табыс етілді.

Тағы да оқыңыз: